Home / World Skills Aktobe

World Skills Aktobe

2021 жылдың сәуір айында колледжде World Skills Aktobe 2021 аймақтық чемпионаты өтті.Колледжіміз екі құзіреттілік алаңына айналды: «Шаштараз өнері» және «СББ станоктарында токарлық жұмыстары». «СББ станоктарында токарлық жұмыстары» құзыреттілігі бойынша облыстық байқаудың жеңімпазы Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің «Токарь» мамандығының 3 курс студенті Қаржауов Равиль атанды. Екінші орынды «Бағдарламаланған басқарылатын станоктардың операторы» мамандығының 3 курс студенті Изенов Ерполат жеңіп алды. «Шаштараз өнері» құзыреті бойынша Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығының 3 курс студенті Набиева Дильназ чемпионат жеңімпазы атанды.

Открыть чат
Подсказка
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек қажет?