Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан -біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы.
Азбайтұғын адамның алтындығы, дегендей қазан айының 6-шы жұлдызында «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» атты колледжішілік мерекелік шара өткізілген болатын. Іс- шараның мақсаты болашақ маман иелеріне ұстаздардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу. Мерекелік шараның барысында «Сіз эфирдесіз» тақырыбында видео- ролик өткізілді. Онда үлгілі ұстаздар Роза Ясынбаевна, Гүлнар Ермекбаевна, Мұрагер Мұханбетчанович , Дәурен Хасангалиевич өздерінің өмір жолдарынан сұхбат берілді.Фото аймақ дайындалып, ұстаздармен естелік суреттер түсірілді. Сонымен қатар ұстаздардың ішінде облыстық марапатқа ие болғандар: Саекешова Г.Е, Карагужина А.Е, Итешова Г.С, Кинеева А.Р, Тулеубаева А.А, Абдигалиев М.К.
Мерекелік шара тәрбие бөлімі мен 201 топ Гүлшат Сағындыққызы және 303 топ Қарылғаш Табысқызының ұйымдастыруымен өтті.